«ГКП «Многопрофильная городская детская больница» на ПХВ » Гос символы » Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні | Гимн Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні | Гимн Республики Казахстан

11 фев 2022, 16:53
264

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Гимн – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Гимн ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.

Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан гимнінің музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР гимнінің музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы гимнінің музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.

Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік гимн қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік гимн жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік гимнін бекітті.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!


Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!


Гимн Республики Казахстан

Гимн – это один из главных символов государства. Сам термин «гимн» происходит от греческого слова «gimneo» и означает «торжественная песня». Гимн выступает в качестве важной звуковой символики, имеющей ключевое значение для эффективной социально-политической консолидации и этнокультурной идентификации граждан страны.

В истории независимого Казахстана государственный гимн страны утверждался дважды – в 1992 и в 2006 годах.

После обретения республикой государственного суверенитета в 1992 году был объявлен конкурс на музыку и текст гимна Казахстана. По итогам конкурса было принято решение сохранить музыкальную редакцию гимна Казахской ССР. Таким образом, авторами музыки первого казахстанского гимна стали Мукан Тулебаев, Евгений Брусиловский и Латиф Хамиди. В конкурсе на лучший текст также победил авторский коллектив, представленный известными поэтами: Музафаром Алимбаевым, Кадыром Мырзалиевым, Туманбаем Молдагалиевым и поэтессой Жадырой Дарибаевой.

В целях популяризации звуковой символики страны в 2006 году был принят новый государственный гимн. Его основой стала популярная в народе патриотическая песня «Менiң Қазақстаным». Она была написана в 1956 году Шамши Калдаяковым на стихи Жумекена Нажимеденова. Для придания песне высокого статуса государственного гимна и более торжественного звучания Первый Президент Казахстана - Елбасы Нурсултан Назарбаев доработал первоначальный текст. Парламент Казахстана на совместном заседании палат 6 января 2006 года внес соответствующие поправки в Указ «О государственных символах» и утвердил новый государственный гимн страны.

 

Гимн Республики Казахстан

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!


Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!