Благодарность

09 мар 2023, 12:26
93

Сәлем баршаңызға! Көктемнің алғашқы күнімен тұспа тұс келген алғыс айту күнінде, Ақтөбе қалалық ауруханасының @gdkb_aktobe маманы—невропотолог дәрігер @hamzina.svetlana  Хамзина Светлана Насыровнага Ұланның анасы ретінде алғыс айтқым келеді. Ұланның диагнозі: Туа болған қатынасты гидроцефалия, субкомпенсаторлы түрі, гипертензионды—гидроцефалды криз, моторлық—сөйлеу дамуының кідірісі. 2жылдан бері сіздерден ем алу нәтижесінде куанатындай нәтижелерге қол жетті. Жүрмейтінбіз алғашқы келгенде жасына сай, казір шүкір шауып жүрміз, енді сөйлеп кетуін тілеп жүрміз. Неврология бөлімінің барлық мед. қызметкерлеріне алғысым шексіз, өте ұйымшыл және әр баламен индивидуально жұмыс жасағаны ана ретінде маған сенімділік берді, балам осындай қызметкерлер арқасында аяққа тұрып келеді. Бізге дер кезінде дұрыс диагноз қойған Насыровна сізге ризалығымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Сіздерге тек еңбектеріңіз жемісті болсын деймін. Ақтөбеде осындай білікті мамандар мен қызметкерлер бары қуантады.
Алғысым шексіз, рахмет!
Баймаканова Актоты Туралиевна.