«ГКП «Многопрофильная городская детская больница» на ПХВ » Новости КЗ » Қызылша – жедел ағымды жүретін, ауа – тамшылы жолымен жұғатын вирусты жұқпалы ауру. Ауру дене қызуының көтерілуімен

Қызылша – жедел ағымды жүретін, ауа – тамшылы жолымен жұғатын вирусты жұқпалы ауру. Ауру дене қызуының көтерілуімен

21 ноя 2023, 12:31
44

 

Қызылша – жедел ағымды жүретін, ауа – тамшылы жолымен жұғатын вирусты жұқпалы ауру. Ауру дене қызуының көтерілуімен, 2- 4-ші күндері теріге ақшыл қызыл түсті бөртпелердің шығуымен, жоғарғы тыныс жолдарының, ауыз-жұтқыншақ қуысының және көздің шырышты қабықшаларының қабынуымен басталады. Қызылшамен науқаспен қарым – қатынаста болған қызылша ауруына қарсы егілмеген адамдар ауырады.
Қызылша ауруынан кейінгі асқынулар: отит, пневмония, энцефалит, 2 жасқа дейінгі ауырған балалар арасында бірнеше жылдардан соң панэнцефалит дамуы мүмкін.

Қызылша вирусы науқас адамнан дені сау адамға ауа – тамшылы жолдармен, яғни сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде және мұрыннан, жұтқыншақтан бөлінген бөлінділер арқылы тікелей және тікелей емес қарым – қатынаста жұғады. Қызылша ауруымен ауырған науқас – қоршаған ортаға бөртпелер шыққанға дейінгі және бөртпелер шыққаннан кейінгі 4 күнде қоршаған ортаға қауіпті.
Вирусты жұқтырғаннан кейін, ауру 7 – 18 күннен соң дамиды.

Қызылша ауруынан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцинация.
Қазақстан Республикасының ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес аурудың алдын алу үшін балаларға ҚПҚ (қызылша, паротит, қызамық) вакцинасымен 1 жасында вакцинация және 6 жасында ревакцинация, яғни қайталап егу жүргізіледі.

Вакцинациядан кейін адамда ауруға қарсы тұратын күш - иммунитет қалыптасады, сондықтан балаға уақытында екпе алу маңызды!
Ауырып ем іздегенше ауырмаудың жолын іздеген маңызды екенін ұмытпайық!

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив