Қызылша ауруынан сақтаныңыз!

21 ноя 2023, 12:38
82


Қызылша ауруынан сақтаныңыз!

Қызылша – өте жылдам таралатын вирусты жұқпалы аурулардың бірі.Ол ауа тамшылары арқылы тарайды және алғашқы белгілері 8-12 күннен кейін пайда болады.

Бұл ауруға шалдыққан адамның температурасы 40,5С дейін көтеріліп, мұрнынан су ағады, көзі қызарып, ауыз қуысының шырышты қабатында ұсақ ақ дақтар пайда болады. Бірнеше күннен кейін бөртпе бет пен мойынның жоғарғы бөлігіне таралады, содан кейін бірте-бірте төмендейді.

Зардап шеккендердің төрттен бірінде қызылша ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін:
- соқырлық,
- энцефалит,
- ауыр диарея,
- құлақ инфекциялары,
- пневмония,
- жүрек ақаулары,
- кереңдік.

Қызылшадан кейінгі ең қорқынышты асқыну – субакутты склерозды панэнцефалит (мидың бұзылуы). Вирус миға шабуыл жасағанда біршама уақыттан кейін (айлар немесе жылдар) бұл физикалық және психикалық деградацияға және мүгедектікке әкеледі. Сонымен қатар, қызылша иммундық жадыны өшіреді, сондықтан дене —бұрынғы инфекцияларға да сезімтал болады.

Бүгінгі күні вакцинация қызылша инфекциясының алдын алудың бірден-бір тиімді шарасы. Ұлттық күнтізбеге сәйкес жоспарлы вакцинация 12 ай және 6 жаста жүргізіледі.

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив