Пациенттерді қолдау қызметі

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 58-бабына сәйкес стационарда пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі ұйымдастырылды.

Егер сіз медициналық көмектің тәртібі мен сапасына байланысты мәселелерге тап болсаңыз, пациенттерді қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Қызмет сарапшылары Сіздің өтінішіңізге жедел жауап береді және мүмкіндігінше қысқа мерзімде стационарлық көмек көрсету Ережелеріне сәйкес мәселені шешуге көмектеседі.

Телефон СПП 8(7132) 56-85-67.
Төраға Бекжан А. Т.
Эксперт Замэ Ю.А.
Жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін.

Сіз кез келген сұрақпен жүгіне аласыз және жазбаша өтінішіңізді біздің стационардың әр қабатында орналасқан "Шағымдар мен ұсыныстар үшін" жәшігінде қалдыра аласыз, өтініш жаза аласыз және біздің сайтқа "Бас дәрігердің блогы" айдарына, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жібере аласыз.

Біздің емханада медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға көмектесетін өтініштеріңіз, пікірлеріңіз және тілектеріңіз үшін алғыс айтамыз.